КИМЭП жаңа медиа саласында білім алып жатқан 10 студентке 10 грант бөлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КИМЭП жаңа медиа саласында білім алып жатқан 10 студентке 10 грант бөлмек

КИМЭП жаңа медиа саласында білім алып жатқан 10 студентке 10 грант бөлмек

Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) биылғы жылдан бастап жаңа медиа саласында білім алып жатқан 10 студентке 10 грант бөлмек.

  • 31 Мамыр 2011
  • 553
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының 27-28 мамыр күндері Алматыда ұйымдастырған «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» деп аталатын екі күндік семинар-тренингінде айтылды.

ҚМЭБИ-дің әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, профессоры Джон Диксонның айтуынша, журналистика қоғамдық өмірді дамытудың негізгі өзегі. Сондықтан олар биыл 2-рет ЕҚЫҰ, Сорос Қазақстан қоры мен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығымен бірлесіп осы шараны өткізуге атсалысуда. Оған биыл Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Тараз, Талдықорған, Семей, Өскемен, Ақтөбе қалаларынан 30-ға жуық адам қатысты.

«Семинардың тақырыбы өте өзекті. Бүгінгідей технология дамыған заманда жаңа медианың алатын орны ерекше. Алайда қазақ тілді журналистер арасында бұл саланың дамуы кенже қалып отыр. Сол себепті де, біздің Орталық былтыр Алматы қаласында осындай семинардың өтуіне қолдау көрсеткен едік. Семинар өте табысты болды, әрі мұндай бастамаларды қолдаудың қажеттігін көрсетті. Ол қазақ тілді БАҚ-тың танылуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз», — дейді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының Адам құқығы мәселелері және заң үстемдігі жөніндегі кеңесшісі Штефан Бухмайер.

Ал Сорос Қазақстан қорының «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының үйлестірушісі Дария Цыренжапованың сөзіне қарағанда, «Мінбердің» бұл жобасы биыл интернетті дамыту және оны ынталандыру байқауы аясында қолдау тауып отыр. Байқауға түскен 24 өтініштің төртеуі жеңімпаз деп танылды. «Мінбердің» журналистерді жаңа медиа технологиясына үйретуге бағытталған бастамасы арқасында былтыр қазақ тілінде 87 блог ашылды. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, алғашқы 23 күннің ішінде жаңадан 30-ға жуық блог ашылып отыр. Алдағы уақытта оның саны бұдан әрі өсе бермек.

Соңғы жаңалықтар