Кишиневте өтетін ТМД ішкі істер министрлерінің кеңесі адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық және заңсыз көші-қон проблемаларын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кишиневте өтетін ТМД ішкі істер министрлерінің кеңесі адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық және заңсыз көші-қон проблемаларын талқылайды

Кишиневте өтетін ТМД ішкі істер министрлерінің кеңесі адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық және заңсыз көші-қон проблемаларын талқылайды

Тәжікстан ішкі істер министрі Хумдин Шарипов Молдоваға аттанып кетті. Бүгін, 15-маусымда Кишиневте ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің мәжілісі басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне министрдің көмекшісі Мукамил Якубов хабарлады.

  • 15 Маусым 2004
  • 419
Фото - Caravan.kz

Отырысқа Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және Украина ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысуда.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінен хабарлағанындай, отырысқа қатысушылар Достастық елдеріндегі қылмыстық ахуалға, түрлі бағыттағы, соның ішінде есірткі заттарының заңсыз айналымы және халықаралық лаңкестікпен күрес салаларындағы бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру барысына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылайды.
Сондай-ақ, ТМД ішкі істер министрлерінің кеңесінде адам саудасымен күрес саласындағы ынтымақтастық және заңсыз көші-қон проблемалары талқыланады деп күтілуде. Тараптар сондай-ақ, өзара ынтымақтастықты одан әрі пәрмендендірудің басты бағыттарын талқыламақшы. Кеңес отырысының аяғында, 16-маусымда бірлескен шаралар кешенін жүзеге асыруға бағытталған нақты шешімдер қабылданады.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр