Климаттың ғаламдық өзгеруіне күллі әлем наразылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Климаттың ғаламдық өзгеруіне күллі әлем наразылық танытты

Климаттың ғаламдық өзгеруіне күллі әлем наразылық танытты

Кеше жексенбі күні жаһандық жылынуға қарсы күресте шұғыл шараларды қолға алуды талап еткен

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 355
Фото - Caravan.kz

100 мыңға жуық жаһан халқы жер шарының 2000 мыңға жуық қаласында акция ұйымдастырып, көшерелерде жүріп өтті, деп хабарлады ВВС. 

Нью-Йорк қаласында 300 мыңның үстінде халық маршқа қатысты. Олардың қатарында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун және бірнеше күн бұрын ғана БҰҰ климат мәселелері жөніндегі әлем елшісі болған Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо бар.

Сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының аясында климаттың өзгеруі жөніндегі біркүндік саммит өтеді, оған 125 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Бұл 2009 жылы сәтсіз аяқталған копенгагендік конференциядан кейін жоғары деңгейде өтетін алғашқы конференция болмақ.