Көбелек әдісі - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көбелек әдісі

Көбелек әдісі

Бірде көбелектің қуыршақ ұясында кішкене тесік пайда болды. Қасынан кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ұзақ сағаттар бойы қадағалап, көбелектің тыпырлап шыға алмай жатқанына қызықтап қарап тұрады. Көп уақыт өтті, ал көбелек өзінің әрекетін шаршап, тоқтатқан секілді. Ал тесік сол кішкентай күйінде. Көбелек бар күшін салғандай еді, одан әрі ешнәрсеге әлі шамасы жетпеді. Сол кезде адам көбелекке көмектеспек болып шешті: ол шаппасын алып көбелектің қуыршақ ұясын екіге бөлді. Көбелек сол замат босанып шықты. Бірақ оның денесі әлсіз еді, қанаттары әлі жетілмеген, зорға қимылдайтын. Адам тағы да ұзақ уақыт бақылаумен болды, көбелек қазір қанатын жаяды, сөйтіп әл жинап алып ұша жөнеледі деп ойлады. Бірақ ештеңе де болған жоқ. Қалған ғұмырын көбелек жер бетінде өзінің дәрменсіз тәнін сүйретіп жүрумен өткізуге мәжбүр болды. Қанаты сол ашылмаған күйі. Ол сол күні ұша алмады.

  • 1 Қыркүйек 2013
  • 5351
Фото - Caravan.kz

    Бәленің бәрі адамның оған көмектеспек болған ниетінен туған еді. Қуыршақ ұясынан босанып шығу үшін көбелекке көп күш қажет еді, оның денесіндегі сұйықтық қанатына жайылып, қанатын қимылдай алатындай болуы керек еді. Өмірдің өзі көбелектің осы кедергіні жеңіп шығу үшін көп еңбектенуше мәжбүрледі, одан әрі өсіп-өну үшін. Өмірде бізге тырысу, ұмтылыс қажет. Егер бізге кедергіге кездеспестен өмір сүру мүмкіндігі берілген болса, біз көп нәрсеге қол жеткізе алмас едік. Біз онда қазіргідей күшті бола алмас едік. Біз онда ешқашан ұша алмас едік.

Авторы: Жүрсін Кәрім