Көкбөрі Мүбәрак: Қайрат Әділгерейді Құрманғазының әруағы атты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкбөрі Мүбәрак: Қайрат Әділгерейді Құрманғазының әруағы атты

Көкбөрі Мүбәрак: Қайрат Әділгерейді Құрманғазының әруағы атты

Көкбөрі Мүбәрак Facebook желісіндегі парақшасында Қайрат Әділгерей туралы айтты.

  • 20 Қазан 2022
  • 343
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сорақы Қайраттың фотосын да парақшама салғым жоқ. Өткенде Қайрат Әділгерей Құрманғазы бабаға тіл тигізіп:«Құрманғазы қояншық болған» деді. Жұрттың жаппай ашуынан кейін ол ұялғанның орнына «бұл сөзінен қайтпайтынын, қояншық деп біреуден естігенін» айтты. Сол-ақ екен Құрманғазының әруағы қояншық дегеннің қандай болатынын оны атып тұрып көрсетті. Қайрат Әділгерей жұрт алдында бір емес, төрт рет қояншық атанды. Біріншісі, сазгер, өнерпаз қадірлі Ұлықпан Жолдас ағамыздың адам айтпауға тиісті жеріне қол жүгіртіп бетімізді жерге қаратты. Әйел бәйғұс қашан да ерінің жақсылығын асырып, жаманшылығын жасырады ғой. Әйелі оның тынышсыз адам екенін айтып ақталып жуып-шаймақ болды, жанашырлық етті. Екінші рет, тойда бір жігіттің қуық тұсына ернін тигізе жаздап жүрелей биледі. Төртінші рет, құлағына құлаққап тығып отырып жанындағы серігімен бірге майысып отырып саусақтарымен пішін жасауы, ер азаматқа сай болмаған қылықсыздығы. Адамнан таяқ жемесе де, абыройдан таяқ жеді. Әруақ атқан оңбайды, құдай атқан оңады деген. Әруаққа арнайы құран бағыштап, жұрт алдында баба атын атап тұрып кешірім сұраса қалай болар екен, оңуы екіталай.
Бұл неге сөйте берді деген жүртқа түпкі себебін көрсетіп ғана қойғаным", — деп жазды ол.