Көкпектіге тікұшақпен келген Төтенше жағдайлар министрін бүгін Қарағанды облысының әкімі күтіп алып, ауылды аралатты. Владимир Божко елге көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек пен баспанасыздардың жатын орындарын аралап көрді. Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, дәл қазір киім кешек, азық-түлік пен баспанадан тарығып отырған тірі жан жоқ екен. Ал апаттың себебін анықтайтын комиссия бөгеттің қожайы мен су қоймасын жалдап отырғандардың екеуі де айыпты деп алдын-ала қорытынды шығарып отыр. Оған қоса, жоғарыда жарылған 7 дамбадан жиналған 8 миллион текше метр су келіп, 1 жарым миллион текше метрге шақталған Кокпектідегі бөгетке күш түсірген. Алайда сол комиссияны басқаратын Божконың пікірі мүлдем басқа.
Владимир Божко, ҚР Төтенше жайдайлар министрі:
-Жаңа ғана тікұшақпен Астанадан ұшып келдім, ондай бұзылып жатқан 40-тан аса бөгетті санадым. Ал Көкпектідегі бөгеттің жарылуына жоғарыдағы 7 дамбаның суы себеп болды деген ақпарат бізде жоқ. Апаттың алдында біз тексергенде оларға су толмаған болатын.