Көкшетау: өзін-өзі жағып жіберген әйел ауыр халде ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетау: өзін-өзі жағып жіберген әйел ауыр халде ауруханада жатыр

Көкшетау: өзін-өзі жағып жіберген әйел ауыр халде ауруханада жатыр

Көкшетауда оқыс оқиға. Күйеуін қызғанған 55 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жібермек болды. Отағасымен арада болған жанжалдан кейін ол үстіне тез тұтанғыш химиялық қоспаны құйып, от қойған. Жалын дереу сөндірілгенімен, әйелдің денесін қатты күйік шалған. 

  • 27 Мамыр 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz

Қазір ол облыстық ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайы тым ауыр дейді. Кейін белгілі болғандай, әйелдің үстіне құйғаны құрылыс бояуына қосатын химиялық сұйықтық екен. Ал күйеуінің айтуынша, оның мұндай оқыс қадамға баруына қызғаныш себеп болыпты. Бірақ жағдайының ауырлығына байланысты  жәбірленушінің өзінен жауап алу мүмкін болмай тұр. 


Владимир Цой, Ақмола облыстық ауруханасының хирургі
:

— Қазір жағдайы түсініксіз болып тұр; есін жиған жоқ. Күйіктен кейінгі ем-домды толық жасадық, дегенмен халі ауыр. 

Соңғы жаңалықтар