Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті

Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті

Көкшетау дәрігерлері нақты диагноз қою үшін сараптама нәтижелерін күтіп отыр

  • 1 Маусым 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Көкшетауда 10 айлық сәби менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды, бірақ диагноз әлі расталмаған, деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы Sputnik агенттігіне.

"Он айлық қыз 30 мамырда Біржан Сал ауданынан жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Клиникалық белгілерге байланысты "менингококк инфекциясы" деген диагноз қойылды, бірақ әлі нақты расталған жоқ, сараптама нәтижесін күтіп отырмыз", — деді Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Татьяна Бишораева.

Бала үш күн бұрын ауырып қалған. Кішкентай қыздың денесі бөртіп кетіпті. Анасы жақпа маймен емдемек болғанда, сәбидің хәлі нашарлап, жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен.

"Бірден консилиум құрдық, республикалық дәрігерлермен кеңесіп отырмыз", — деп мәлімет берді дәрігер.


Оқи отырыңыз:

Қоғамдық ұйымдар Зағипа Балиеваны "Асыл ана" деп атауды ұсынды

Қазақстан Қытайға астықты жеткізу көлемін 1 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін

Алматыда ірі жол апатынан үш адам зардап шекті