Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады

Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады

Ағымдағы аптада Абылай ханның 300 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады.

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 897
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Абылай ханның 300 жылдығына мерекелеу аясында 5 қазанда Көкшетауда «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар Абылай хан алаңында мәдени шараларды өткізу жоспарланған»,-деді ресми өкіл.

Мұнымен қоса, Көкшетау маңындағы Қызылжар атшабарында «Азат рухтың Абылай ханы» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылмақ.


«Абылай ханның 300 жылдығы аясында тарихи сана-сезімімізді одан ары қарай бекітуге бағышталған басқа да жалпыұлттық мерекелік шарларды өткізу көзделген»,-деді ол.