Көкшетауда биылғы жылы 2800 КамАЗды құрастыру жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда биылғы жылы 2800 КамАЗды құрастыру жоспарланып отыр

Көкшетауда биылғы жылы 2800 КамАЗды құрастыру жоспарланып отыр

Астана. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Көкшетауда биылғы жылы 2800 "КамАЗ" жүк көлігін құрастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін бесінші "Қазавтодор - 2008" халықаралық көрмесі кезінде РФ Қазақстандағы сауда өкілінің қызметін атқарушы Юрий Жужома құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Наурыз 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда Ресей компаниялары белсенді түрде атсалысатын көлік машина жасау саласының дамуына елеулі назар аударылады. Мәселен, 2008 жылы қазақ-ресей бірлескен «ҚамАЗ инжиниринг»АҚ кәсіпорны 2800 КамАз маркалы жүк көлігін құрастыруды көздеп отыр, оны ішкі нарықта толық сатпақшы», — деді Ю. Жужома.

«Өткен жылы Ресей зауытының 40% экспорты («КамАЗ») Қазақстанның үлесіне тиді. Алдағы екі жылда ықпалдасу нәтижесінде Қазақстанның Ресей кәсіпорнындағы экспорттық үлесі 50% жететін болады», — деп есептейді ол.

«Биылғы жылы «КамАЗ» қазақ нарығында 8400 жүк көлігін сатуды жоспарлап отыр. Ал Қазақстанның көлік паркінде бұл маркалы көліктің саны 65 мың», — деп қорытындылады Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілінің қызметін атқарушы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті