Көкшетауда мектеп әкімшілігі оқушы қыздарға никаб киюге тыйым салды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда мектеп әкімшілігі оқушы қыздарға никаб киюге тыйым салды

Көкшетаудағы №12 орта мектеп әкімшілігі бастауыш сыныптарда оқитын апалы-сіңілді қыздарға сабаққа никаб киіп келуге тыйым салды.
           Мектеп директорының орынбасары Ирина Шатохинаның айтуынша, қыздар мектепке формамен келген. Бірақ бастарына көзін ғана көрсетіп тұратын қара орамал тағыпты.
           Өздерінің айтуына қарағанда, оларға бұлай киінуді бұйырған әкесі ұл балалардың қасына отырмаңдар деген көрінеді. Ал мектеп әкімшілігінің бұған тыйым салғанын естігеннен кейін ол қыздарын аталған оқу орнына «аттап бастырмайтынын» айтыпты.
           Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары айтқандай, ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізілген және алдағы уақытта балалар никаб кимей, орамал тағып келсін деген ұсыныс жасалған.
           Мектеп жарғысында оқушылар белгілі бір дінге қатысын білдіретін киім киіп, аксессуарлар тақпауы тиіс деп көрсетілген, дейді И.Шатохина.
           Қазір қыздар мектепке орамал тағып келеді, дейді орынбасар.

  • 5 Қыркүйек 2013
  • 493
Фото - Caravan.kz