Көкшетауда үйлерді жаңарту бағдарламасы тағы дауға ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда үйлерді жаңарту бағдарламасы тағы дауға ұласты

Көкшетауда үйлерді жаңарту бағдарламасы тағы дауға ұласты

Көкшетауда тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша жасалған күрделі жөндеу тағы да жұрттың көңілінен шықпады. Онсыз да сапасыз жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аяқталмаса да, қолдарына төлем қағаздарының келгені тұрғындардың тіпті ашу-ызасын тудырған. Құрылыс компаниясы болса, жұмысты аяқтамай, кетіп қалыпты. Жұрт облыс әкіміне дейін шағымдағанымен, әзірге еш өзгеріс жоқ.

  • 16 Қазан 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz

Мердігер компания күрделі жөндеуді аяқтағанша жұрт үнсіз күтіпті. Жаз бойы тарс-тұрс шу, шаң мен аяқ алып жүргісіз боп шашылған қоқысқа да шыдаған. Бірақ кейін құрылысшылар істі аяқсыз қалдырып, тайып тұрған көрінеді. Ал жартылай жүргізілген жөндеудің ақысын енді жұрт жылдар бойы төлеуі тиіс.

Алексей Шуранов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Біз тапсырыс беруші емеспіз. Олар келіп бәрін өздері есептеді, жаз бойы мұнда кім келіп жұмыс істемеді дейсіз. Студенттер де болды. Бізбен мүлдем келісілмеген. Енді, міне, аяқтамастан тастап кетті.

Бағила Мәженова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

-Шаршадық рас. Мына жерді былай топырақпен үйіп кеткен. Қайта мынау түзеткеніміз. Мазақ қылып жатыр бізді.

Әсіресе, тұрғын үйдің жертөлесі адам көргісіз жағдайда. Судың үстіне ескі тақтайларды тастап, бетіне қиыршық тас төсей салған. Енді сол тақтайлар шіріп, онсыз да кәріз жүйесі тозып тұрған жертөледегі қолқаны қабатын иіс төменгі қабаттарға да жетіпті.


-Тұрғындар үшін ең маңыздысы жылу. Бұған дейінгі жылдары пәтеріміз ұядай болып тұратын, осы күрделі жөндеуден кейін жылу жүйесі де бүлінді. Қыс түспей жатып, әбден жаурадық,-дейді олар. Олай деуі орынды да шығар. Өйткені мердігер компания кіре берістегі жылу жүйесін ауыстырғанда ескі құбырларды пайдаланған.

Күрделі жөндеуді аяқтап, арнайы комиссияға тапсырмаған мердігерді тапсырыс беруші де таба алмай жүр екен.

Сіздерді кім шақырды соларға барыңыз.

-Мына үй бітті ме жоқ па?

Жөніңізді айтпайсыз ба?

-Айтпаймын.

Жөнін айтқысы келмеген басшы – қала әкімдігі жанындағы «Көкше МЖД Сервис» серіктестігінің директоры Айдар Шәріпов. Бұл мекеме осы тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасымен айналысады. Айта кетсек, биыл Көкшетауда осындай 16 көпқабатты үйді күрделі жөндеуге мемлекеттен 400 миллион теңге бөлінген.