Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық прокуратура мәлімдеген.
Баласын өлтірген қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 97-бабы (анасының жаңа туған сәбиін өлтіруі) бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 45-бабы бойынша оған келесі міндеттер жүктелді: тұрақты тұратын жерін, жұмысын арнайы органға ескертпестен ауыстырмау, көңіл көтеру орындарына бармау (кафе, бар, ресторан, би), жұмыс пен оқудан бос кезде тұратын жерінен ешқайда кетпеу, арнайы органның рұқсатынсыз басқа жерге кетпеу.
Іс материалына сәйкес, 2013 жылы 17 қыркүйекте әйел пітерде ірі, айы-күні жеткен сау баланы дүниеге әкелген. Ол баланы сөмкеге салып көшеге шығарып тастаған. Бала ол жерде үсіп өлген.