«Тұқым және оны дайындау мәселесіне тоқталар болсақ, ауыл шаруашылық құрылымдар көктемгі егін жұмыстарына қажетті тұқым көлемімен толық қамтамасыз етілді, бидай тұқымы мен бұршақ дәнділердің 2 млн тоннасы бар. Ал «Азықтүлік корпорациясының» АҚ мемлекеттік ресурстарында 36,1 мың тонна бидай сақтаулы», — деп хабарлады А. Буць.
Оның сөздері бойынша » 14,2 мың тонна майлы дақылдар тұқымы, 7,3 мың тонна техникалық дақылдар , 6,3 мың тонна шөп егілді».
А. Буць хабарлағанындай 2008 жылдың 25 наурызында «тексеруге 1,8 млн тонна тұқым жеткізіліп, оның 1,6 млн тоннасы тексерілді (82,5% )».
«Оның 81,9% стандартқа сай болып, 12,3 мың тоннасы немесе или 0,6% талапқа сай емес болып танылды. Тұқымның 73% негізі бидай қалдықтары мен арасында арам шөптің қоспасы бар болғандықтан стандарттарға сай емес болып шықты. Тұқым өнгіштігі жағынан 25% жетіп, бас қапшықтарындағы қоспасы 0,8% құрады «, -деп түсіндірді ол.
Департамент басшысы айтқанындай, » Қызылорда облысында стандарттарға сай емес тұқымның — 7,9 мың тоннасы бар болса, Шығыс Қазақстанда — 2,3 мың тонна, Қарағандыда — 1,6 мың тонна, Павлодар облысында — 0,4 мың тоннасы анықталды». Ал көктемгі егіс жұмыстары басталып кеткен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұқымның тек 49% және 21% тексерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті