Көкжайлауда тау-шаңғы кешенінің құрылысы басталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкжайлауда тау-шаңғы кешенінің құрылысы  басталмақ

Көкжайлауда тау-шаңғы кешенінің құрылысы басталмақ

Көкжайлауда тау-шаңғы кешенінің құрылысы биыл басталмақ. Жуырда көпшіліктің арасында дау тудырған жобаға қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді. Анығы, алдағы жылдарда Алатау бөктерін абаттандыруға бюджеттен жүз миллиондап қаржы жұмсалмақ. Жоба авторлары табиғатқа еш нұқсан келмейді деп сендіруде. Олардың пікірінше, барлығы еуропалық талаптарға сай болады.

  • 19 Сәуiр 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

Бұл Швейцария болмағанымен, тау-шаңғысы арқылы күнін көріп отырған шағын ғана князьдық — Андорра. Мұнда тауға қонақүй салу әдеттегі шаруа. Табиғатқа зиян келді деп дабыл қағып жатқан жан жоқ. Аймақтағы ең ірі тау шаңғысы кешені Грандвалираның мамандары енді «Көкжайлау» жобасын жүзеге асыруға қол ұшын бермек.

Хавьер Салинас, Грандвалира тау-шаңғы кешенінің директор :

–  Грандвалира – Перинейдегі ең ауасы таза жер. Әрі саяхатшыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетіледі. Ең бастысы отбасылық демалысқа көңіл бөлеміз. Балалар табиғат аясында ата-анасымен шаңғы теуіп, шынығып жүрсе, одан артық не керек?

КСМ: Мұнда алғашқы аспалы жол 56-шыжылы салынған екен. Қазір жылына Грандвалираның өзіне бір жарым миллон саяхатшы келеді. Жалпы Андорра бюджетінің 60 пайызы осындай туристік жобалардың арқасында толығып отыр.

Тілектес Мейірманов, «Көкжайлау» жобасының заңгері:


–Осындай тауларда керемет тау-шаңғы курортын салу кез келгеннің қолынан келмейді. Сол үшін біз өз жобамызға әлемдегі ең мықты мамандарды тарттық. Бұдан бөлек, Франциядан, Италиядан мамандар шақырдық. 

Андоррада өткен 8 халықаралық конгресте тау-шаңғы туризмі мәселелері қозғалды. Сарапшылардың айтуынша, табиғат жанашырлары барлық жерде бар.

Питер Келлер, сарапшы:

–Экология мәселесі қашанда маңызды. Бірақ ешкім тауларды құртып жібергелі жатқан жоқ қой. Ең бастысы барлығын ақылмен істеу керек. Ал, Көкжайлаудың мүмкіндігі мол. Әрі табиғатқа зиян келтірмей, оны әлемге паш етудің жолдары жеткілікті. 

Жақында Алматыда қоғамдық тыңдалым өтеді. Ал, «Көкжайлау» кешенінің құрылысы биыл басталмақ. Бес жылдан кейін Перинейдегі демалыс орындарындағыдай саяхатшылар ағылып келеді деген үміт бар.