"Көлденең жатып босануға болмайды, ол - үлкен қателік": Остеопат жүкті әйелдер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көлденең жатып босануға болмайды, ол - үлкен қателік": Остеопат жүкті әйелдер туралы

"Көлденең жатып босануға болмайды, ол - үлкен қателік": Остеопат жүкті әйелдер туралы

Дәрігер-остеопат Перизат Арапова әйелдердің босануына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 8 Мамыр
  • 5
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол тележүргізуші Дана Нұржігітке берген сұхбатында мәлімдеді.

«Көлденең жатып босану дегенді қою керек. Бұл ең үлкен қателік, мен остеопат ретінде осыны айтар едім. Менің тәжірибемде ондай көп, жаңа туған сәбилердің барлығында дерлік мойын аймағында ақаулар болады.

Олардың кейбірінде маңдай тұсында ақау болса, енді бірінде керісінше қарақұстың маңында зақымданулар болады. Эпидуралка арқылы босанатындар тіпті қиын. Олар көп уақыт толғақты сезбейді, сөйтіп бала босану арнасында көп қалып қояды. Сөйтіп, баланың маңдай сүйегі ішке кіріп кетеді», — деді ол.