Көлігін көшеге қойғандарға айыппұл салынбайды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлігін көшеге қойғандарға айыппұл салынбайды

Көлігін көшеге қойғандарға айыппұл салынбайды

Күшіне енгеніне 5-ақ күн болған «Жол ережесі туралы» заңға қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өйткені Ішкі істер министрлігі дайындап, Парламенттің қос палатасы бекіткен құжаттағы шикілік қазірдің өзінде жүргізушілердің қарсылығын туғызып жатыр. Дауға себеп болған әсіресе көшедегі көлік тұрағына қатысты бап. Ережеге сәйкес, енді арнайы тұрақ белгілі бар жер болмаса, көлікті кез-келген жерге тастап кетуге қатаң тыйым салынған. Десе де, тым асыра сілтеп жібергендерін түсінсе керек, полиция енді ол бапты әзірге орындамай-ақ қойса болады деп отыр.

  • 25 Қазан 2014
  • 491
Фото - Caravan.kz

5 күн бұрын күшіне енген жаңа ережені жүргізушілер жаттап үлгерген сыңайлы. Әсіресе, 54-ші бабын: онда көлікті тек белгіленген жерде қою керектігі жазылған. Алайда, Ішкі істер министрлігі мұндай міндетті енгізсе де, енді өздері не істерн  білмей отыр. Өйткені тұрақ белгісі бар көшелер санаулы. Заңға салсақ, жұрт енді жол жиегіне тоқтамай, сенделіп жүруі тиіс.

-Басқа қаланы айтпағанның өзінде елордада «П» деген белгі саусақпен санарлық. Тіпті көлік ағыны көп Астананың орталығына әлі орнатылмаған. Сондықтан жүргізушілер темір тұлпарларын көшеге, жол жиегіне қалдыруға мәжбүр. Бірақ, тйыым заңмен бекітіліп кеткен соң, жазаға тартылам ба деп алаңдап жүр.

Бұл ретте полиция «әзірше заң бұза тұруға» рұқсат етіп отыр. Яғни, белгісі жоқ жерлерге көлігін қалдырғандарға айыппұл салынбайды. Бірақ мұндай «мырзалықтың» қашанға созылатыны тағы белгісіз. Сондықтан, жүргізушіге полицейдің қас-қабағына қарай тұрудан басқа амал жоқ.

Сергей Уткин, заңгер:

-Полиция заңды бұза бер десе не болғаны?! Бүгінше ережені орындама, ертең көрерміз дегені енді мазақ. Мұндай заңды дайындаған министрлік те, оны алақайлап қолдаған депутаттардың өзін заңды сыйламағаны үшін жазалау керек.

Алайда, заңды асығыс қабылдаған депутаттар өздерін айыптымыз деп отырған жоқ. Айтуларынша, Үкіметтің ғана емес, жүргізушілер құқығын қорғайтын ондаған қоғамдық ұйымның пікірін де ескерген. Сондықтан, заңда шикілік жоқ, бүгін болмаса, ертең орындалады дейді.


Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты:

-Дәл осы мәселеңіз барлық жерде күрделеніп, барлық жерде белгі алып кететін болса, айтып отырмын ғой, өтпелі кезеңнің нормасына дәл осы норманы пәленшебай жылға деген ұсыныс енгізіп, норма қабыладауға болады

Алайда, заңнан мықты болған тұлғалардың сөзіне жүргізушілер сенуден қалған. Көлікті әр жерге қойып, тәртіп сақшыларының қас-қабағына қарап отыруға олар құлықсыз. Дегенмен арнайы тұрақ белгілері көбірек, ең бастысы тезірек қойылса заңдағы баптың қалғанын қолдап отыр.

Сонымен, биліктің өзі қабылдап, енді сол заңды сақтамауға шақырғаны жалпақ жұртқа түсініксіз болып отыр. Тек бір анығы: әзірге айыппұл салынбайтын болды. Ішкі істер министрлігі бұл жөнінен Бас прокуратуға  ұсыныс жіберіп те қойыпты. Себебі заңды іске асыруға бірде-бір мемлекеттік орган дайын емес.