Көлігінде отырып қару кезенген жүргізушінің әрекеті ғаламторды дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлігінде отырып қару кезенген жүргізушінің әрекеті ғаламторды дүр сілкіндірді

Көлігінде отырып қару кезенген жүргізушінің әрекеті ғаламторды дүр сілкіндірді

Жанай қосылған тентекке жол бере қоймағаны үшін өлім құша жаздады. Алматыда «Range Rover» тақымдаған жігіт шағын көлік иесіне қару кезеніп, зәресін алды.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz


Келеңсіз жайт қаланың шеткі аудандарының бірінде болған. Қымбат джип мінген жігіттің қылығы көліктегі видеорегистраторға түсіп қалыпты. Міне, «жол бер» деген белгіге қарамастан ойқастап ортаға шыққан қара көліктің өзі. Жол ережесін бұзғаны аздай, жігіт бірден тапаншасын алып шығып, кезенуде. Абырой болғанда, тек сермеп қана, кете барған. Ал шағын көлік тізгінінде жас баласы бар келіншек отырыпты. Қазір оның арызымен полиция айналысып жатыр.