Жарияланды: 410

Көлік министрлігі рұқсат етуші құжаттардың санын үштен бірге азайтады

ҚазТАГ – ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) рұқсат етуші құжаттардың көлемін үштен бірге азайтады, деп мәлім етті ведомство басшысы Берік Камалиев.

«Бүгінгі күні министрліктің 100 шақты рұқсат етуші құжаттары бар. Біз жақында 30 құжатты қысқартуды жоспарлап отырмыз. Біз үкіметтің тапсырмасымен осы ұсынысты экономикалық даму және сауда министрлігіне енгіздік», - деді Б. Камалиев бейсенбі күні кеңесте. Министрдің айтуынша, көліктік бақылау саласындағы 34 рұқсат етуші құжаттың 14-і қысқартылады. Сондай-ақ, министрліктің 8 бақылау-қадағалау функциясы қысқартылып, оңтайландырылады. «Біз стационарлық көліктік бақылау бекеттерінің қызмет ету мәселелерін қарадық. Олардың жартысынан астамы жабық, 35 бекеттің 17-сі ғана жұмыс істейді», - деді Б. Камалиев. Сондай-ақ, ККМ көлік құралдарының салмағын қозғалыс үстінде өлшеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесін жасады. «Келесі жылы біз бұл жұмысты қолға алып, көліктік бақылау бекеттерінің бәрін автоматтандыру жұмысын 2013 жылы аяқтауға тиіспіз», - деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін