Көлік стратегиясын жүзеге асыру аясында 2015-жылға дейін Қазақстанда 1600 шақырым темір жолдар тарту жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік стратегиясын жүзеге асыру аясында 2015-жылға дейін Қазақстанда 1600 шақырым темір жолдар тарту  жоспарланған

Көлік стратегиясын жүзеге асыру аясында 2015-жылға дейін Қазақстанда 1600 шақырым темір жолдар тарту жоспарланған

ӨСКЕМЕН. 15-маусым. Kazakhstan Today. "Көлік стратегиясын жүзеге асыру аясында 2015-жылға дейін Қазақстанда 1600 шақырым темір жолдар тарту және қазіргі бар 2000 шақырымдай жемір жол бөліктеріне тоқ жіберу жоспарланған". Бұл туралы бүгін президенттің жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Егер Қазақстандағы жалпы темір жол жүйесі 15 мың шақырымды құрайтынын ескерсек, бұл аз сан емес»,- деді ол. Сонымен бірге президенттің айтуынша, «250 мың шақырымға жуық автожолдарды жөндеу және реабилитациялау, жаңасын салу көзделген». «Елімізде мұндай автожолдардың ұзындығы 100 мың шақырымға жуық, демек, бұл 50 проценті деген сөз».

Елбасы стратегияға сәйкес айлақ инфрақұрылымын жаңалау мен кеңейту, азаматтық авиацияны одан әрі дамыту шараларын жүзеге асыру межеленгенін атап өтті. «Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін ауқымды инвестициялар тарту қажет»,- деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге мемлекет басшысының айтуынша, «кейінгі кездері республиканың транспорттық секторы тұрақты өсім қарқынын байқатып отыр». 2006-жылы жүк айналымының өсімі 10%, тасымалданған жүктің көлемі 6%-ке, жолаушылар айналымы 9%-ке өсті, деді президент. Жалпы 2006-жылы транспорт саласы 175 млрд теңгенің инвестициясын (1,2 млрд доллардан астам), соның ішінде республикалқ бюджеттен 122 млрд теңге игерген.

«Алайда, сала қазіргі бар жолдарды реконструкциялау және жаңалау, жаңа инфрақұрылымдық нысандарды салу шараларынсыз дамымайды. Олай болмағанда көлік инфрақұрылымының ахуалы ел экономикасын дамытудың тежеуші факторына айналмақ»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті