Көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған

Көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған

Петропавлда жол апаты болды. 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шеккен.

  • 13 Қараша 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

13 қараша сағат 14.20 шамасында Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды.

Медициналық куәландыруға сәйкес ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас емес.


Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Соңғы жаңалықтар