Көлік тұрғын үйге соғылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көлік тұрғын үйге соғылды

Көлік тұрғын үйге соғылды

Атырауда жеңіл көлік тұрғын үйге соғылып, қабырғасын қиратып кетті. Құрбан болғандар жоқ. Бірақ, бөлмеде жатқан жүкті келіншек пен оның 4 пен 3 жастағы екі баласы жарақат алып, ауруханаға түскен.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz


Оқиға түнгі бірлер шамасында болған. Қадыровтар әулеті содан бері әлі естерін жия алмай жүр. Айтуларынша, Хюндайдың иесі удай мас болған. Шарбақты бұзып-жарып, үйге соғылғаннан кейін, көлігін тастап, алды-артына қарамай қашып кетіпті.

Гүлмира Қадырова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Масқара ғой мынау деген! Түнгі сағат бірде адамның үйіне кіріп кетіп, қашып кетіп отыр бұл деген. Үйдің иесі болса ауруханада жатыр, нейрохирургия бөлімшесінде, ана бала кішкентай аяғына гипс салып қойған, аяғы ауыр келіншек денесін денесін ала алмай, бөксесін ала алмай жатыр.