"Көліктен құлап түскен": Қырғызстанда тау суы ағызып әкеткен 6 жасар қыздың денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көліктен құлап түскен": Қырғызстанда тау суы ағызып әкеткен 6 жасар қыздың денесі табылды

"Көліктен құлап түскен": Қырғызстанда тау суы ағызып әкеткен 6 жасар қыздың денесі табылды

Қырғызстанда осыдан бірнеше күн бұрын суға ағып кеткен қыз баланың мәйіті табылды.

  • 26 Маусым
  • 1
Фото: Instagram/24kg

Естеріңізде болса, таулы аймақта ата-анасымен бірге барған көліктен екі бала суға ағып кеткен еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айта кетейік, 23 маусымда Қырғызстандағы Кегеті шатқалында қайғылы оқиға болды. Бір отбасы отырған жеңіл көлік жардан құлап, өзенге түсіп кеткен.

Үйдің үлкендері көліктен өз бетімен шығып үлгерген. Ал кішкентай қыз бен ұл өзенге ағып кеткен. Кейін құтқарушылар қыз баланың мәйітін тапты.

Үш күн өткеннен кейін алты жастағы ұлдың да сүйегі табылды. Баланы іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен 500-ге жуық ерікті тартылған.