«Көліктер 3» мультфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көліктер 3» мультфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты

«Көліктер 3» мультфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты

Кеше Астана және Алматы қалаларында «Көліктер 3» мультфильмінің қазақ тіліндегі алдын ала жабық көрсетілімі өтті, деп х

  • 15 Маусым 2017
  • 2504
Фото - Caravan.kz

Кеше Астана және Алматы қалаларында «Көліктер 3» мультфильмінің қазақ тіліндегі алдын ала жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Тачки 3» – қазақ тілінде дубляж жасалған Walt Disney/Pixar студиясынан анимациялық комедиялық франшизасының үшінші бөлігі. Сөйлейтін көліктердің шытырман оқиғалары бұрынғы таңғалдырар жылдамдықта жалғасады. Найзағай Маккуинді қызықты оқиғалар күтіп тұр, онда ол жаңа достарын кездестіреді, сондай-ақ,  жарысушыны тек мотор жылдамдығы мен қуаты ғана чемпион етпейтінін түсінеді. Жаңа сын, жаңа қарсылас пен жаңа жеңіс – осының барлығы қазақ тілінде!

«Көліктер 3» – қазақ тіліне дубляж жасалған жиырмасыншы мерейтойлық фильм. Мультфильмінің алдыңғы бөлімінен бастап Голливуд фильмдерін қазақ тіліне дубляж жасау жобасы басталды, ал қазақстандықтар әлемдік киностудиялардың фильмдерін екі  тілде тамашалау мүмкіндігін алды.

Қазақша дубляждың режиссері және мәтінді үйлестірушісі алғашқы «Көліктер 2» фильмінің режиссері Айжан Жәмшітова болды. Оның айтуынша, фильмді дубляждауға көп уақыт сарпылмаған.

«Көліктер 3» фильмімен жұмыс «Көліктер 2»-ге қарағанда әлдеқайда жеңіл болды. Ол кезде, яғни 2011 жылы мен үшін де, сондай-ақ актерлер үшін де Голливуд фильміне дубляж жасау бойынша бірінші жоба болды. 6 жылда біз тәжірибе жинадық, дубляждың қыр-сырын меңгердік. Студияда актерлердің дауысын жазуға екі апта кетті, ал «Көліктер 2» фильмін төрт аптада жазған едік. Одан басқа фильмнің үшінші бөлімінде алдыңғыға қарағанда кейіпкерлер үш есе аз. Режиссер ретінде, менің басты міндетім мәтінді ретке келтіру. Әр кейіпкердің стилистикасын пысықтау маңызды, бірі экспрессивті және тез сөйлейді, екіншісі мелахнолик, баяу сөйлейді, кейіпкерлер әртүрлі. Осының барлығын қазақ тіліне бейімдеу қажет. Маған жазбаға қарағанда, мәтінмен көп жұмыс істеуге тура келді», — деді ол.

Қазіргі заманғы автоспорт аңызы және «Поршень Кубогі» чемпионатының бес дүркін жеңімпазының дауысы өзгеріссіз қалады. Оны театр және кино актері Нышанбек  Жұбанаев сөйлеп шықты.

«Walt Disney студиясы тамаша мультфильмдерді  жасайды, оларды 7-ден 70 жасқа дейінгі көрермендер қызығушылықпен қарайды. «Көліктер 3» те солай. Мультфильмінің үшінші бөлімінде менің кейіпкерімнің оқушысы пайда болады, енді ол  тәлімгер ретінде шығады. Менің кейіпкерім есейді, дана болды. 2011 жылы мен төртінші курс студенті едім, менің жолым болып, аты аңызға айналған Найзағай Маккуинді дыбыстадым» –  деді ол. 


Актер және диктор, әлемдегі Мэтр дубляжының үздік дауысының иегері Азамат Қанапия (Walt Disney студиясының дипломы) қызық шанақты дыбыстау жұмысына қайта оралды:

«Менің кейіпкерім – Мэтрдің  туған жері Оңтүстік Америка және ол оңтүстік акцентпен сөйлейді. Сондықтан қазақ нұсқасында біз де оңтүстік акцент жасауды шештік. Мен оңтүстік өңірдің қазақтарының диалектісінде сөйлеймін. Сондай-ақ, менің кейіпкерім мультфильмде бірнеше ән орындайды».

Дубляжға барлығы 30-дан аса актер қатысты. Бас кейіпкерлерге Сая Тоқманғалиева (Круз Рамирез), Сырым Қашқабаев (Джэксон Шторм), Нартай Сауданбекұлы (Стерлинг), Болат Узақов (Смоки Мо) және басқалары өз дауыстарын сыйлады. Мәтіннің аудармашысы – Нұрдәулет Затилла.

Астана және Алматы қалаларында алдын ала көрсетілім дәстүр бойынша «Керуен» Kinopark 7 IMAX, Esentai Mall Kinopark 11 IMAX кинотеатрларында өтті. Фильмнің алдын ала көрсетіліміне жобаның идеялық дем берушісі, «Болашақ» Қауымдастығының құрметті мүшесі, Алматы қаласының әкімі Б.Қ.Байбек, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің Төрағасының м.а., ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Б.М. Мәкен, дубляж актерлері, демеушілер, мәдени және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, сондай-ақ, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, блогерлер, жастар ұйымдарының, БАҚ өкілдері және басқалары қатысты.

15 маусымда фильмнің тұсаукесері, сондай-ақ, Орал қаласында «Cinema Park» кинотеатрында  өтеді.

Соңғы жаңалықтар