Көліктің төбесіне шығып алып, ән айтып, би билеген: Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көліктің төбесіне шығып алып, ән айтып, би билеген: Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші жазаланды

Көліктің төбесіне шығып алып, ән айтып, би билеген: Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші жазаланды

Әлеуметтік желіде жас жігіттің жол талғамайтын көліктің төбесіне тұрып, би билегені түсірілген видео пайда болды. Заң бұзушылыққа жол берген көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • 5 Желтоқсан 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

"Мерседес-Бенц автокөлігінің жүргізушісі 1987 жылы туған азамат екені анықталды. Азамат ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлімінде ("Жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамау") қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды”, — деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Енді жол талғамайтын көлік иесі бес АЕК – 14 585 теңге (шамамен 33 доллар) айыппұл төлеуі керек.


Сондай-ақ Әбдірахманов видеоның екінші қатысушысы – көліктің төбесінде тұрған жас жігітке қатысты тексеру жалғасып жатқанын түсіндірді. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Еске салайық, 30 қарашада әлеуметтік желілерде жас жігіттің көліктің төбесінде тұрып Алматы көшелерімен жүріп өткен видеосы пайда болды. Қалалық полицейлер жол ережесін бұзғандарды тауып, жазалауға уәде берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар