"Колхозный вариантсың": жеңіл атлетика федерациясының өкілі журналисті кемсітті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Колхозный вариантсың": жеңіл атлетика федерациясының өкілі журналисті кемсітті

"Колхозный вариантсың": жеңіл атлетика федерациясының өкілі журналисті кемсітті

"Хабар 24" арнасының журналисті Аслан Каженов өзін  жеңіл атлетика федерациясының өкілі кемсіткенін айтты.

  • 19 Желтоқсан 2022
  • 286
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Түрім колхозға ұқсап тұр ма? Неге үнемі өзге ұлт өкілдерінен осындай балағат естиміз? Бір емес, екі емес… Ана жолы Илья Ильин «низкий поступок» жасадың деп еді, енді Павел Кукин «колхозной вариантсың» дейді. Бұның шегі бар ма өзі?!

Барынша эмоцияға берілмей түсіндірейін. Дәл қазір елорда төрінде Әмин Тұяқов атындағы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс өтіп жатыр. Ести сала камерамды құшақтап жетіп бардым. Бір кезде қасымызға федерацияның өкілі келіп, «Әмин Тұяқовтан сұхбат жазасыңдар ма?» — деп сұрады. Иә, әрине. «Ендеше. Кеттік. Бірақ, курткаңды шешіп тасташы, колхозный вариант» деп қалды.

Тоқта. Алдымен аты-жөні мен қызметін сұрадым. Айтпады. Одан кейін «Неге олай айтасыз. Сіз мені танымайсыз да. Сондықтан, кешірім сұраңыз. Мәселені жабамыз. Сосын, сұхбат алуға барамыз» — деп тұрып алдым. Цитата. Әдейі Сіз деген сыпайылықтан шықпадым және қолымды алып жүгірмедім. Ал, ол естімеген болды, елемен болды. Қысқасы, қателігін мойындап, сөзін қайтып алуға дәті бармады. Ішіндегі бірдеңесі жібермеді.

Кейін жеңіл атлеика федерациясынан бір қыз келіп, оның атқарушы директор екенін жеткізді. Несі бар? Кешірім сұрасын! Олай танымайтын адамға, оның үстіне, шараға келген журналиске қалай айтады? Жоқ. Алды да, «қай каналдан келдің, қазір бастығыңа звандаймын» деген әңгімелер кетті…

Байқаған шығарсыз. Бұл жолы боқтамай, барынша сауатты жазып отырмын. Солай әрекет те еттім. Әйпесе, ішім күйіп барады. Мен осымен екінші рет тірі өлікке айналдым. Бірер ай бұрын Илья Ильин қазақ тілінде сұхбат сұрағаным үшін (онда да басқа адамнан) «низкий поступок жасап жатсың» деп еді. Енді бұл жолы Павел Кукин курткама қарап, «колхозный вариантсың» дейді. Екеуі де кешірім сұрамады. Екеуі де өз міндетін атқарып жүрген қазақ журналиске тіл тигізді. Тіпті, соңында, керісінше, өзімді қорқытқысы келеді.


Енді өз-өзімді қоярға жер таппай жүрмін. Біз колхозбыз ба?! Менің миыма біреуге осылай айту деген ой ешқашан кірген емес. Неге мені көргенде оларда осындай ой пайда болады? Мен қашанғы осылай моральдық зәбір көріп, Қазақстанда қазақ болғаным үшін өзімді төмен ұстауым керек? Олардың сөзін неге көтеруім керек? Неге көндігуім керек?

Қысқасы, ақыл айтыңыздар. Бұл жолы жайдан-жай қалдыра алмаймын. Ұлтжанды заңгерлер, құқық қорғаушылар бар ма? Не істесек болады? Сезіп отырмын. Қазір басшылығыма хабарласады. Жан-жақты қысым басталады. Бірақ, мынаны бір жағына шығару керек. Қазақ тілді журналистерді көргенде ешкім «колхоз» деп айту түгіл, ойлауға да қақы жоқ!", — деп жазды журналист.

Соңғы жаңалықтар