Колорадода су тасқынынан хабарсыз кеткендердің саны өсіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Колорадода су тасқынынан хабарсыз кеткендердің саны өсіп барады

АҚШ-тың батысында Колорадода кем дегенде алты адам су тасқыны салдарынан құрбан болды, 500 адам хабарсыз кеткендердің санатында, деп хабарлады дүйсенбіде Си-Эн-Эн телеканалы.
           Қаза болғандардың басым бөлігі үйлерінен шыға алмай қалған, үйлерін су басқан.
           "Жергілікті құтқару қызметтері зардап шеккендерді іздеуді жалғастыруда, алайда нөсерлі жаңбыр көп кедергі келтіріп отыр,тікұшақпен іздеу қиынға соғып отыр,бірақ біз қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз", деді Колорадо штатының губернаторы Джон Хикенлупер.
           Алдында хабарланғандай,өткен аптада АҚШ-тың батыс штаттарында нөсерлі жаңбыр жауған, сәрсенбіде ол шегіне жеткен,15 сағат ішінде кейбір аудандарға 18,3 см жауын-шашын жауған.
           Әсіресе Боулдер қаласы қатты зардап шегіпті.

  • 16 Қыркүйек 2013
  • 296
Фото - Caravan.kz