спорттық киіміне кейістік білдіріп, оны «жатқылықсыз» деп атады.
Би-Би-Си-дің жазуынша, Колумбияның велосипед спортынан қыздар командасының фотосуреті бүкіл әлемде әртүрлі пікір туғызды — біреулер кейістік білдірсе, енді біреулерге қызықты болып көрінді. Бұған колумбиялықтардың костюмінің денесімен түстес материалдан тігілуі себеп болды, сондықтан фотосурет олардың белінен тізесіне дейін мүлдем жалаңаш жүргендей әсер қалдырады.
Колумбиялық велосипедшілер лигасы материал алтын түсті жіппен тігілгенін, оның суреттен жөнді көрінбей тұрғанын айтып, ақталуда. Сондай-ақ колумбиялықтар әлем жұртшылығы олардың спортшыларына енді ғана назар аудара бастағандарына таңғалады, өйткені олар бұл киімді бір жылға жуық уақыт бойы киіп жүрген көрінеді.
.