Комиссия төрағасы парламент депутаттарына хат жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Комиссия төрағасы парламент депутаттарына хат жолдады

Комиссия төрағасы парламент депутаттарына хат жолдады

Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың өкімімен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының үшінші оқылымы наурыздың 15-іне белгіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Парламенттің бірлескен комиссиясының төрағасы Жазбек Әбдиев қос палатаның барлық депутаттарына хат жолдап, заң жобасына қатысты парламентшілердің өз ұсыныстарын табыс етуін өтінеді.

Аталған мерзімге дейін жобаны тиянақты әзірлеу мақсатында комиссия наурыздың 4-інен бастап күн сайын жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Комиссия төрағасы халық қалаулыларына сайлау туралы заң жобасының қос палатаның бірлескен отырысында екінші оқылымда қабылданған нұсқасын хатпен қоса жолдады.

Соңғы жаңалықтар