Коммуналдық қызмет саласындағы кәсіпорындардың жоғары нормативтік шығындары тарифтің өсуіне ықпал етіп отыр - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммуналдық қызмет саласындағы кәсіпорындардың жоғары нормативтік шығындары тарифтің өсуіне ықпал етіп отыр - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Коммуналдық қызмет саласындағы кәсіпорындардың жоғары нормативтік шығындары тарифтің өсуіне ықпал етіп отыр - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Атырау. 20 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Коммуналдық қызмет саласындағы монополист кәсіпорындардың жоғары нормативтік техникалық шығындары тариф өсуінің басты факторларының бірі болып отыр. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Атырау облыстық басқармасының директоры Балжан Досмұхамбетова мәлімдеді.

  • 21 Наурыз 2008
  • 593
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің Атырау облыстық басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда республиканың су шаруашылығы жүйелеріндегі нормативтік техникалық шығын деңгейі 60 пайызға, желілердегі электр қуатын жоғалту деңгейі 22 пайызға, жылу желілерінде 33 пайызға дейін жетеді. Сонымен бірге, тек нормативтік шығындардың өтемақы шығыны тарифте 50 пайызға дейін жетеді.

Осыған байланысты өткен жылы монополияға қарсы басқарма 3 субъект бойынша нормативтік шығын көлемін азайтқан. Ол осы фактордың көрсетіліп отыратын қызметтер тарифінің деңгейіне әсерін азайтуға мүмкіндік берді, — деп атап көрсетті Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өңірлік басқармасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті