Компаниялар енді өздерінің жеке домендік зоналарын аша алады - ICANN - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Компаниялар енді өздерінің жеке домендік зоналарын аша алады - ICANN

Компаниялар енді өздерінің жеке домендік зоналарын аша алады - ICANN

Интернеттегі атаулар мен адрестердің халықаралық корпорациясы (ICANN) жоғарғы деңгейдегі жаңа домендік атауларды енгізуді мақұлдады, деп РБК хабарлады.

  • 21 Маусым 2011
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Ірі компаниялар үйреншікті қолданыстағы com, org, net түріндегі домендік аймақтардың орнына өз компанияларының атымен немесе брендімен сәйкес келетін домендік аймақтарды тіркетуге өтініш бере алады», — делінген дүйсенбі күнгі РБК сайтындағы таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, ICANN-нің аталған шешімі 6 жыл жүргізілген келіссөздердің арқасында мүмкін болды. Жаңа домендік аймақтар категорияларға қарай(өнеркәсіп, география, ұлттық түрлеріне қарай) сұрыптала алады және арабша, қытайша және басқа да шрифтерде қол жетерлік болады. Жеке домендік аймақты тіркету $185 мың тұрады.

Қазіргі уақытта Ғаламторда 250-ден астам ұлттық (.uk, .kz, .ru, т.б.), 20-дай ұлттықтан жоғарғы (.com, .org және .net) домендік зоналар бар. Соңғы кезде арнайы домендік аймақтар қарқын алып келеді (.aero – авиакомпаниялар үшін және .tv телеарналар үшін).

ICANN – 1998-ші жылы АҚШ үкіметінің қатысуымен домендік атауларды, ІР-адрестерді және басқа да интернетке қатысты мәселелерді реттеу үшін құрылған халықаралық комерциялық емес ұйым. ICANN кеңсесі Лос-Анджелесте, Брюссельде және Вашингтонда орналасқан.

Соңғы жаңалықтар