Конституциялық кеңес бейресми ұйымдардың іс-қызметіне бақылауды күшейтетін заңдарға қатысты Елбасының сауалын қарауға қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конституциялық кеңес бейресми ұйымдардың іс-қызметіне бақылауды күшейтетін заңдарға қатысты Елбасының  сауалын қарауға қабылдады

Конституциялық кеңес бейресми ұйымдардың іс-қызметіне бақылауды күшейтетін заңдарға қатысты Елбасының сауалын қарауға қабылдады

Бүгін, 13-шілдеде Конституциялық кеңес президенттің қол қоюына жолданған "Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жөніндегі заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін дәйектеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сауалын қарауға қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Конституциялық кеңестің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Шiлде 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұл заңдарды парламент 2005-жылдың 29-маусымында қабылдаған.

ҚР заңнамасына сәйкес, президенттің сауалы ашық отырыста бір айдың ішінде қаралады.