Көреген бол - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көреген бол

Көреген бол

Басшының өзін-өзі алдауы

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 573
Фото - Caravan.kz

                             Кәрі монах бір жас шәкіртін ертіп сапарға аттанады. Ауыл сыртында оларға ауыл әкімі кездеседі. Әкім монах пен шәкірті өзін күтіп алу үшін алдынан шыққан екен деп ойлап:

— Бекер әуре болдыңыздар ғой, — деді.

— Қателесесіз,  тақсыр,-деді шәкірт. – Біз сапарға аттанып барамыз. Бірақ егер біз сіздің келетініңізді білген болсақ,  міндетті түрде күтіп алар едік.

Монах үндемеді. Кешкісін ол :

 — Біздің оны күтіп алуға шықпағанымызды айтудың қанша қажеті болды? Көрмедің бе, оның ыңғайсызданып қалғанын? — деді.

— Біз оған шындықты айттық қой. Алдаған жоқпыз.

  -Жоқ, — деді кәрі монах, -Онда ол өз-өзін алдар еді, ал әзір біз оны ренжітіп қойдық.

                       

                                  * * *


Көреген бол

Кәрі молда шәкіртімен бір соқыр пақырдың қасынан өтіп бара жатады. Ол жол жағасында қайыр-садақа сұрап отырған болатын.

— Садақа бер, — дейді ұстазы.

Шәкірті пақырдың бас киіміне тиын-тебен тастайды.

— Құрмет ретінде сен бас киіміңді шешуің қажет еді,- дейді ұстазы. 

— Не үшін? — дейді түсінбеген шәкірті.

— Қайыр-садақа берерде әрдайым осылай істеу керек!

— Не үшін?! Оның көзі көрмейді ғой, ол соқыр емес пе?!

— Есесіне сенің көзің көреді… — деп жауап берді ұстаз.

Автор: Жүрсін Кәрім