Корея түбегінде тағы атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Корея түбегінде тағы атыс болды

Корея түбегінде тағы атыс болды

Оңтүстік пен солтүстік Корея шекарасында екі елдің әскерилер қақтығысып қалды. Тараптар атысқа қазір бірін-бірі айыптауда.

  • 21 Қазан 2014
  • 249
Фото - Caravan.kz


Ақпараттарға қарағанда, солтүстіктің бір топ әскери қызметкері демаркациялық сызықтан асып, рұқсат етілмеген аймаққа өтіп кеткен. Ал Оңтүстік Корея сарбаздары оларға қарсы оқ атуға мәжбүр болыпты. Ресми Сеул бұл жағдайды Пхеньянға жеткізіп, шекарадағы былықты жоюды талап еткенімен ешқандай жауап келмей отыр. Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі бұл екі ел арасындағы соғыс жағдайын қайта тудыруы мүмкін дейді. Айта кетсек, 1953 жылы олардың солтүстік Кореямен арадағы соғысы тек «қарулы ұрысты тоқтату туралы келісімге» отырумен аяқталған болатын. Екі ел арасында әлі күнге дейін достық туралы келісім-шарт жоқ.