Коронавирус әлемнің 58 елінде тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус әлемнің 58 елінде тіркелді

Коронавирус әлемнің 58 елінде тіркелді

Елімізде "коронавирус жұқтырды" деген күдікпен 6 жарым мыңға жуық адам дәрігерлердің жіті бақылауына алынған.

  • 3 Наурыз 2020
  • 49
Фото - Caravan.kz

Ал соңғы ақпаратқа сәйкес, қауіпті індет әлемнің 58 елінде тіркеліпті. Бұл тізімге соңғы бір тәуліктің өзінде 5 мемлекет қосылып  отыр. Салдарынан Дүниежүзілік денсаулық  сақтау ұйымы, жоғары деңгейдегі төтенше жағдайды  жариялаған. Осыған орай Елжан Біртанов "Б" жоспарын дайындағанын айтты. Ол не жоспар?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус әлем елдері арасында көз ілеспес жылдамдықпен тарап жатыр. Бүгіннің өзінде инфекция жаһанның 58 мемлекетінде анықтылған. Тізімде үш көршіміз де бар.  Абырой болғанда, бұл бәлекет біздің елге  жетпеді.  Салаға жауапты министрлік солай деп сендіруде.  

ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
«Қазіргі күнде 6474 адам әлі де бақылаудың астында. 6 қаңтардан бастап қызуы көтерілген 186 адам ауруханаға жатқызылған. Оларлың 166-сы жазылып, қалған 20 адам стационарда. Бірақ оларда коронавирус анықталмаған»  

Алайда министрдің өзі  айтпақшы, «Қазақстан —  айдалада жатқан арал емес!». Сондықтан сақтық шарасы барынша жасалып жатқанын қоса айтты. Құдай бетін аулақ қылсын, егер вирус елімізде тіркелген күннің өзінде, министрліктің дайындап қойған "Б" жоспары бар екен. Яғни, бәрі бақылауда деп сендірді. Енді Қытай, Италия, Жапониямен қатар Иран азаматтарына да елге кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ, наурыздың бесінен бастап Оңтүстік Кореямен және Әзірбайжанмен әуе бағыттары  қысқарады. Қазір вирус тараған шет елдерде  жүрген 95 мың қазақстандық бар екен. Оларды елге қайтару  жұмыстары жүргізілуде.  Ал бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин аталған мәселеге қатысты жауапты министрліктерге бірнеше тапсырманы тізіп өтті.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
«Сыртқы істер министрлігі елде бұған дейін жоспарланған ірі халықаралық шараларды ауыстыру. Коронавирус инфекциясы таралған елдер үшін электрондық визаларды беруді тоқтату қажет.  Вирус таралған елдерге тұрақты рейстерді шектесін».

Сондай-ақ,  елге шетелдік жұмыс күшін тартуды тоқтатуды, адам көп шоғырланған жерлерде дизинфекция жұмыстарын күшейтуді, бетперде мәселесін шешуді тапсырды.  Бетперде демекші, елде әлі де деффицит байқалады екен.   Сол үшін бір тұрғынға 10 маскадан артық сатып алуға тыйым салынды.

БЕРІК ҚАМАЛИЕВ,  ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Біздің Қазақстанда  5 кәсіпорын медициналық маска шығарады. Олар Алматы және Жамбыл облысында, Түркістан мен Шымкентте. Қазірде  олар күніне 170 мың маска шығарады. Бір айда 5 млн маска»

Вирустың тарауына байланысты Қытайлық кәсіпорындардың дені жұмыстарын тоқтатқаны белгілі.  Салдарынан енді аспан асты елімен экономикалық тығыз байланыста болған елдер соның зардабын тартып әлек.    Сарапшылардың есебі бойынша, қазірдің өзінде шығын мөлшері 1 трлн  АҚШ долларына дейін жуықтаған.  Бұл мәселе қазақстандық кәсіпкерлерді де айналып өтпеді. Алайда…


ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Для нас безопасность людей, здоровье людей важнее сегодня чем, экономическое составляющие этого вопроса»

Үкімет отырысында талқыланған тағы бір ақпаратты айта кетейін. Енді мешіттерде намаз ашық аспан астында оқылуы мүмкін.  Бұл да кезекті  сақтық шарасы.

Соңғы жаңалықтар