Коронавирус дерті 76 елге тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус дерті 76 елге тарады

Коронавирус дерті 76 елге тарады

Қытайдан тыс жерде коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) коммюникесінде айтылған.

  • 5 Наурыз 2020
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы 24 сағат ішінде Қытайдан тыс жерде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 76 елде 12688-ге жеткен. Бір тәулікте инфекция жұқтырудың 2103 жаңа оқиғасы тіркелген. Өлім саны 214-ке дейін өсті (күніне 48).

Вирус тағы төрт елге, соның ішінде Аргентина, Чили, Польша және Украинада таралды.


ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайда жұқтырғандар саны 80 422 адам (күніне 120), ал 2984 адам (күніне 38) қайтыс болған.

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 93 090 адамды құрайды (күніне 2223).

Соңғы жаңалықтар