Коронавирус келмесе аштан өлетіндей: Меруерт Түсіпбаева маска сатқыш жұлдыздарды жер қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус келмесе аштан өлетіндей: Меруерт Түсіпбаева маска сатқыш жұлдыздарды жер қылды

Коронавирус келмесе аштан өлетіндей: Меруерт Түсіпбаева маска сатқыш жұлдыздарды жер қылды

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева коронавирус кезінде өз пайдасын ойлап, маска сатқыш танымал жұлдыздарды сынап тастады.

  • 14 Сәуiр 2020
  • 92
Фото - Caravan.kz

Қиын кезеңде өз қалтасын ойлаған белгілі адамдардың атын әнші атын атап, оларды жер қылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасына жаңа жазба қалдырып халыққа көмек көрсетудің орнына, өз пайдасын ойлаған тележурналист Динара Сәтжан мен дизайнер Леонид Жеребцовты жерден алып, жерге салды.

"Мен теледидар қарамаймын. Кейде, балам арнайы таңдап, кино көрейік деп, шақырғанда ғана. Жаңа бір оқырманым, осы фотоны салып жіберіпті, сізді көрдім деп жатыр. Неге екені белгісіз. Арандатушылдық деп қосып қойыпты. Достар, бұл арандатушылық емес. Бұл қандай қатыгез болса да, өмір шындығы. Сын сағатта, ел басына күн туғанда, денсаулығына , жасына қарамастан Берік Исмаилов 2000-нан астам маска тігіп, аурушаң балаларға( лейкомия) , көп балалы аналарға тегін таратып жатқанда, кейбір, пысықай “ дизайнерлер” Динара , Жеребцов па (танымаймын) міне осылар, КВИ- келмесе , аштан өлетіндей асығыс маска тігіп сата бастады. Бұл шынды.! Биік мінбелерден, неше түрлі форумдарды жүргізетін Динара қызымыз, ( халықтың ақшасына, салық төлеушілердің қалтасынан төленетін іс-шаралар) өзінің нағыз патриот екенін дәлелдеді. Пейіл тарылмасын, халқым", — деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva) on

 

Соңғы жаңалықтар