Коронавирус пен пневмониядан тағы 59 қазақстандық қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус пен пневмониядан тағы 59 қазақстандық қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 59 қазақстандық қайтыс болды

Қазір республикада 67 мыңнан астам адам індеттен емделіп жатыр, соның ішінде 248 науқастың жағдайы өте ауыр

  • 22 Қыркүйек 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

 Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан 50 адам, ковидтік пневмониядан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Сондай-ақ, 22 қыркүйектегі мәлімет бойынша 67 404 адам коронавирус инфекциясынан (–58 738 + және 8 666 КВИ-) емделіп жатыр. Соның ішінде 12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында:


  • 1000 адамның жағдайы ауыр,
  • 248 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 143 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Бұдан бөлек, соңғы мәлімет бойынша республикада 7 372 086 адам вакцинаның I компонентін, 6 247 031 адам II компонентін салдырды.

 

Соңғы жаңалықтар