Жарияланды: 50

Коронавирус: "ҚазМұнайГаздың" екі қызметкері вирус жұқтырды деген күдікке ілінді

Коронавирус: "ҚазМұнайГаздың" екі қызметкері вирус жұқтырды деген күдікке ілінді

Компания орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ, Компания) елдегі төтенше жағдай тәртібін ескере отырып және өз қызметкерлері мен барлық мүдделі тараптары алдындағы жауапкершілігін терең түсініп, сондай-ақ ашықтық пен айқындық қағидаттарын басшылыққа алып, Компанияда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шаралар кешенін қабылдағаны туралы хабарлайды. 

Бірінші кезекте жұртшылыққа Компанияның орталық аппаратының екі қызметкері коронавирустық инфекцияны жұктыруы мүмкін деген күдік болғанын хабарлауды жөн көрдік. Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болды. Екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтау үшін тест тапсырды, оның нәтижелері теріс болып шықты, - делінген таратылған ақпаратта.

"Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша шаралар енгізу туралы" Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес аталған қызметкерлер "ықтимал байланыс" санатына жатқызылды. Қазіргі уақытта олар үйдегі карантинге орналастырылды. 

Сонымен бірге, ҚМГ компаниялары тобы қызметкерлерінің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Атап айтқанда:

- офистік және өндірістік ғимараттарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары өткізілуде; 

- ҚМГ компаниялары тобы бойынша қызметкерлердің Қазақстан аумағында, сондай-ақ шетелге іссапарлардың барлығына тыйым салынды;  

- барлық көпшілік іс-шаралар тоқтатылды; 

- өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шара қабылдануда; 

- әкімшілік қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне ауысуда; 

- орталық аппарат пен барлық еншілес ұйымдарда арнайы жедел штабтар құрылды. 

ҚМГ үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету ерекше басымдыққа ие екенін атап өтеміз. 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға шалдыққан қызметкерлер анықталмады. ҚМГ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін