Коронавирус жұқтырған ирандық шенеунік қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус жұқтырған ирандық шенеунік қайтыс болды

Коронавирус жұқтырған ирандық шенеунік қайтыс болды

Коронавирус жұқтырған Ирандағы ықпалды орган шенеунігі Мохаммад Мир-Мохаммади қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

  • 2 Наурыз 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша, Мохаммад Мир-Мохаммади дүйсенбі күні көз жұмды, ол Иранның жоғарғы көшбасшысы жанындағы кеңесші органның қабылданған шешімдердің орындылығын анықтау жөніндегі кеңестің мүшесі болған.

Бұған дейін Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи мен Иранның әйелдер және отбасы істері жөніндегі вице-президенті Масуме Эптекар коронавирус жұқтырғаны белгілі болған. 

Бірнеше күн бұрын коронавирустан Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі Хади Хоссровшахи қайтыс болды. Ол 81 жаста болған.


Айта кетейік, жексенбі күні жарияланған соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирус жұқтырған 978 адам тіркелген, оның 54-і өліммен аяқталды, 173 адам сауығып кетті. 

Соңғы жаңалықтар