Коронавирустан қайтыс болғандардың саны бір тәулікте рекорд орнатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустан қайтыс болғандардың саны бір тәулікте рекорд орнатты

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны бір тәулікте рекорд орнатты

5 ақпан күні Қытайда коронавирустан көз жұмғандардың саны 492-ге артты. Ауруды 24 324 адам жұқтырған.

  • 5 Ақпан 2020
  • 95
Фото - Caravan.kz

Тағы 892 азамат ауруханадан шығарлыпты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бір күн бұрын ауруға шалдыққандардың саны 20 мыңнан асқаны, көз жұмғандардың саны 425-ке жеткендігі жайлы айтылған еді.

Індеттің кесірінен жан тапсырғандардың көбі қытайлықтар екен. Бұған қоса Гонконг пен Филиппинде тағы екі адам бақилық болған.

Қытайлық дәрігерлердің мәлімдеуінше, бұдан басқа тағы 23 мыңнан астам адам дертке шалдыққан болуы мүмкін. Олармен қарым-қатынаста болған 185,5 мың тұрғын мамандардың бақылауына алыныпты.

Естеріңізге салайық, шетелдік сарапшылар қытайлық
коронавирустың жаһандық індетке
айналады деп болжапты. Сөздерінше, бұған себеп инфекцияның адам адамға оңай өтуі көрінеді.

Өз кезегінде қытайлық дәрігерлер болса ел ішіндегі ауруға қарсы ем шараларында қателіктерге бой алдыртқанын мойындапты.

Соңғы жаңалықтар