Коронавирустан жазылсам, өмір бойы билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтатын боламын - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустан жазылсам, өмір бойы билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтатын боламын - Сәуле Әбілдаханқызы

Коронавирустан жазылсам, өмір бойы билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтатын боламын - Сәуле Әбілдаханқызы

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы жан алқымға келіп, жан қиналғанда бәрі де қиын екен деп халқына ағынан жарылды. 

  • 4 Наурыз 2021
  • 19388
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Атың өшкір тәжтажалмен соғысу оңай емес екенін сезгем… Десе де, ПЦР анықтаған күннен бастап барынша негативте болмайын деп, позитивте болуға тырыстым.

Алғашқы күндері симптомдары байқалмады. Дегенмен, бір апта алыстым. Психологиялық тұрғыда өте ауыр екен…

Кешеден бастап симптомдары білініп жатыр…

Енді алдымда дилемма тұр: ауруханаға жатайын ба, жатпайын ба?

Жатайын десем, күдік-күмән көп…

Жатпайын десем, өзім жалғыз күресуім қиын болатын түрі бар…

Жаның мұрныңның ұшына келгендей бір күй… өлімнен қорықпаймын, бәріміздің баратын жеріміз сол десем де… кімнің өлгісі келеді дегендей ғой. Тем более, мен Өмірді қатты сүйем ғой…

Құдайдан, тым болмаса, енді екі жыл Өмір бер деп сұрап жүрмін… бітіретін бір-екі парызым бар….


Осы аурудан не олай, не бұлай болайын деп тұрмын…. егер билік менің олай-бұлай болып кетуіме ықпал етпесе, керісінше, дұрыс емдеп шығарса, онда өмір бойы билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтатын боламын…

Мені дұрыс түсінерсіздер, достар…

Өйткені…

Өмір деген — бір жұтым ауа екен…

Өмір деген — бір түйір жарық сәуле екен", — деп жазды желідегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін журналисттің коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.