Сәуле Әбілдаханқызы коронавирус жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы коронавирус жұқтырды

Сәуле Әбілдаханқызы коронавирус жұқтырды

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы коронавирусқа шалдықты.

  • 4 Наурыз 2021
  • 7380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Атың өшкір тәжтажалмен соғысу оңай емес екенін сезгем… Десе де, ПЦР анықтаған күннен бастап барынша негативте болмайын деп, позитивте болуға тырыстым.

Алғашқы күндері симптомдары байқалмады. Дегенмен, бір апта алыстым. Психологиялық тұрғыда өте ауыр екен…

Кешеден бастап симптомдары білініп жатыр…

Енді алдымда дилемма тұр: ауруханаға жатайын ба, жатпайын ба?

Жатайын десем, күдік-күмән көп…

Жатпайын десем, өзім жалғыз күресуім қиын болатын түрі бар…

Жаның мұрныңның ұшына келгендей бір күй… өлімнен қорықпаймын, бәріміздің баратын жеріміз сол десем де… кімнің өлгісі келеді дегендей ғой. Тем более, мен Өмірді қатты сүйем ғой…

Құдайдан, тым болмаса, енді екі жыл Өмір бер деп сұрап жүрмін… бітіретін бір-екі парызым бар….


Осы аурудан не олай, не бұлай болайын деп тұрмын…. егер билік менің олай-бұлай болып кетуіме ықпал етпесе, керісінше, дұрыс емдеп шығарса, онда өмір бойы билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтатын боламын…

Мені дұрыс түсінерсіздер, достар…

Өйткені…

Өмір деген — бір жұтым ауа екен…

Өмір деген — бір түйір жарық сәуле екен", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар