Мұндай мәлімдемені америкалық ғалымдар жасады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Зерттеушілер өткен жылғы 29 сәуір мен 29 қыркүйек аралығында бақылаулар жүргізді — Нью-Йорктегі Маунт-Синай емханасының 300 қызметкері COVID-19 диагнозын ерте қою үшін үш түрлі компанияның смарт-сағатын қолданды.
Гаджеттердің көмегімен жүрек соғуының өзгергіштігі, яғни екі жүрек циклінің басталуы арасындағы интервалдардың өзгеруі зерттелді. Бұл көрсеткіш иммундық жүйенің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.
Жүрек соғу жиілігінің төмен өзгергіштігі — коронавирус инфекциясының белгілерінің бірі. Жоғары, өз кезегінде, жүйке жүйесінің белсенділігі мен стрессті жеңе білу туралы сигнал береді.
Ғалымдардың пікірінше, бұл коронавирусты негізгі белгілер — қызба мен жөтел пайда болғанға дейін анықтауға көмектесетін смарт-сағаттар.
Зерттеушілердің сөзінше, инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылардан жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, "ақылды" сағаттар импульстің жоғарылауын және типтік емес өзгергіштіктің пайда болуын тіркей алады.
Стэнфорд университетіндегі тағы бір зерттеу нәтижесі бойынша жұқтырғандардың 81%-ында коронавирус тест нәтижесінен шамамен тоғыз күн бұрын жүрек соғу жылдамдығы өзгергені анықталды. Бұл тәжірибеде қатысушылар смарт-сағаттар мен трекерлерді тақты. Жүрек соғу жиілігінің өте жоғары болуы одан әрі симптомдардың пайда болатыннын көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін зерттеу аясында мобильді қосымшаның көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен төрт миллионнан астам қатысушының деректері талданған. Нәтижелер көрсеткендей, COVID-19 тұрақты емес немесе жоғары жүрек соғу жылдамдығын тудыруы мүмкін (минутына 100-ден астам соққы).