"Көшбасшылыққа жол: Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар" кітабының тұсаукесері Мәскеуде өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көшбасшылыққа жол: Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар" кітабының тұсаукесері Мәскеуде өтті

"Көшбасшылыққа жол: Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар" кітабының тұсаукесері Мәскеуде өтті

Мәскеу. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - "Көшбасшылыққа жол: Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар" ("Путь к лидерству: социально-экономические и политические реформы в Казахстане") кітабының тұсаукесері Мәскеуде өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Наурыз 2008
  • 4611
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қазақстан көшбасшылығы феноменін зерттейтін Қазақстан Республикасы туралы алғашқы ұжымдық монография», — деп атап көрсетті жоба жетекшісі, кітап редакторы, саясаткер Юрий Солозобов қазақстандық реформаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында. Оның айтуынша, дүнижүзі ұзақ уақыт бойы Қазақстанның табысын елемеуге тырысқан. Оның табыстары тек қуат көздерін алумен және сатумен, сондай-ақ, үгіт-насихатпен байланысты деп есептеп келген. «Алайда, қазір табыстар айқын сезіле бастағанда, Ресей сарапшылары «Қазақстан көшбасшылығы феноменін» зерттеу идеясы туындаған», — деп атап көрсетті Ресей саясаткері.

Кітапқа байланысты жұмыс көптеген интеллектуалдық Ресей орталықтарын біріктірген. Осы кітап авторларының барлығын біріктіретін бір-ақ нәрсе бар. Ол Қазақстандағы жағдайларға ашық және бейтарап көзқараспен қарау. Бұл Ресейге де, Қазақстанға да пайдалы ашық достық әңгімесі», — деп атап көрсетті Ю. Солозобов.

Дөңгелек үстелге Елші кеңесшісі Марат Сыздықов, ТМД елдері институтының директоры Владимир Жарихин және т.б. қатысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті