Косоводағы сайлауда сайлаушыларға қысым көрсетілген - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Косоводағы сайлауда сайлаушыларға қысым көрсетілген

Косоводағы сайлауда сайлаушыларға қысым көрсетілген

Косово мен Метохиядағы жергілікті сайлау кезінде ұлтшылдар тарапынан қысым жасалып, бірқатар қылмыстық жағдайлар орын алды. Бұл елдің азаматтары қала басшылары мен жергілікті депутаттарды сайлады, деп хабарлады РБК.

  • 4 Қараша 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

Косовоның Сербияға қосылуы үшін ұрандаған ұлтшылдар сайлауды шетқақпайлауға шақырды. Олар сайлау учаскелеріне барып, сайлауға қатыспақшы болғандарға тіл тигізіп, қорқытқан. Бұдан да сорақы жағдайлар орын алған.

Косовка-Мировица қаласында бетін маскамен тұмшалаған белгісіз қылмыскерлер «Святой Сава» орта мектебіндегі сайлау учаскесіне баса-көктеп кіріп, қоқыс салатын жәшіктерді сындырып, бюллетеньдерді жойып, терезелерді сындырған, тіпті көзден жас ағызатын газ да шашқан. Кейін оқиға орнынан іздерін суытқан.


Таңертең ерте Сербице кеңесі мүшелігіне үміткер Беким Биринскихидің өлтірілгені белгілі болды. Полицияның айтуынша, оның өлімінің саясатқа еш қатысы жоқ, ол тұрмыстық жағдайда қайтыс болды десе, Биринскихидің жақтаушылары керісінше ойда. Сербияның вице-премьері Александр Вучич тіпті Косово билігінен 45 минутқа серб күштерінің Косовка-Митровицедагі жағдайға араласуына мүмкіндік беруін сұраған.