Құтқарушылардың ақпараты бойынша, бұл алдын ала жасалған болжам. Апат оқиғасының себеп -салдарын тергейтін комиссия өзінің жұмыстарын жалғастыруда.
«Апатты жағдай болған учаскеде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады В. Петрищев. Оның сөздері бойынша, көмір шығару жұмыстары қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кететін болсақ, 15 наурызда таңертең Костенко атындағы шахтасының оңтүстік вентиляциялық штрегінде ыстану болды. Сол мезетте жердің астында жұмыс істеп жатқан 136 адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер мен өлім -жітім болған жоқ. Төтенше жағдайды ауыздықтау жұмыстарына 56 адам және 10 арнайы техника жұмылдырылды. Солардың қатарында ҚР ТЖМ «ВАСС «Көмір» құтқару отрядының 25 қызметкері мен 6 техникасы да болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті