Көзіме шөп салған келіншегімді кешіре алар ма екенмін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көзіме шөп салған келіншегімді кешіре алар ма екенмін

Көзіме шөп салған келіншегімді кешіре алар ма екенмін

Отбасы жағдайын баяндаған жігіт көпшіліктен кеңес сұрады. Мүмкін бала дүниеге келмей, ажыраса салғанымыз дұрыс болар ма еді?

  • 17 Сәуiр 2018
  • 690
Фото - Caravan.kz

Үйлегеніме  көп болған жоқ. Келіншегімді қатты жақсы көремін. Бірақ соңғы кезде бәрі өзгеріп кетті.  Жұмыстан келсем де, үйде болса да келіншегім бұрынғыдай емес. Мені көрсе қуанбайды. Бұрынғыдай  еркелемейді. Аяғы ауыр болғасын, сіркесі су көтермей жүрген болар деп, болашақ ұрпағымыз үшін, не қаласа бәрін алып беріп жегізуге тырыстым. Оның сүйсіне жегеніне қарап отырып, өзім де рахаттанып қалушы едім деп жазады Оqiga.kz.

Осы күндері  екі көзі телефонда менімен не болмаса үй шаруасымен ісі жоқ. Күні-түні ұзақ үңіледі. Мән бермедім. Қатты жақсы көретінім сонша, тым асыра еркелетіп жіберіппін. Өзім жоқта қайда болды деп те күмәнданбаппын.

Шаршап үйге келгенде  не тамағым дайын тұрмайды. Не үй жиналмайды. Бар сылтауы аяғы ауырлығы, қазанға жақындай алмаймын, жүрегім айныйды дегеніне де түсіністікпен қарап жүрдім.

 Бір күні, телефонына ватцаптан званок келіп жатыр екен, мән бермедім. Қоймаған соң жәй көз салсам, «жаным қайдасың?» деген хат шыға келді. Ол далаға шығып кеткен. Бұл кім болды екен деген арам ой сумаң ете қалды.

Сөйтсем, қыз кезіндегі ғашығын әлеуметтік желі арқылы тауып алыпты. Содан, екеуі кездесіп жүріпті. Мен ештеңеге мән бермеппін. Тіпті ішіндегі бала да менікі емес екен. Оның бәрін жазысқан хаттары арқылы біліп алдым.


Өзімнің осы уақытқа дейін ит болып жүргеніме, қатты жақсы көріп, ештеңесіне мән бермегеніме өкіндім. Енді ажырасып кетейін десем, қимаймын. Олсыз өмір сүре алмайтын сияқтымын. Ол ше? Ол бәрін мойындады. Мойындамай қайда барады, барлық дерек менің қолымда тұрғанда. Енді, асты-үстіме түсіп, ата-анасына айтып қоймауымды өтініп жүр. Кешіре алар ма  екенмін?

Көңілім жайлап суып барады. Мүмкін бала дүниеге келмей, ажыраса салғанымыз дұрыс болар ма еді? Басым қатты, ақыл беріңдерші. Не істеймін? Кешірейін десем, келесі жолы, тағы көзіме шөп салмасына кім кепіл?..

Соңғы жаңалықтар