деп хабарлайды Лента.ру.
28 мамырда «Интерфакс» агенттігі хабарлағанындай, Кремльдегі жоғары шенді ақпарат көзі тілшіге бұл жоспарлардың жүзеге асуы РФ ұстанымына «әсер етпей қоймайды» дегенді айтқан.
Жұма күні 27 мамырда Александр Лукашенко шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын нарықтағы жағдайды тым ушықтырғаны үшін айыптаған болатын. Соның ішінде «жағдайды тым қоздырған» ресейлік БАҚ екенін баса айтты. Сондықтан Беларусь президенті мәжіліс қатысушыларына аталған БАҚ-ты ел шекарасынан шығарып тастау үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тапсырма берді.