Атақты футболшының шешесі заңсыз түрде декларацияға енгізбей 55 мың еуро алып өтпек болған. Испания заңы бойынша бір адам 10 мыңнан аспайтын соманы ғана өзімен алып жүре алады.
Тергеуден кейін ол Португалияға бет алған сапарын жалғастырды. Алайда, ұстаған ақшасын полиция тәркілеп алды.
Енді Авейра ханым қалтасындағы ірі сомадағы ақшаны қайдан алғанын дәлелдей алса, тәркіленген еуро өзіне қайтады.